Жоспарға сәйкес жүргізілуде

Нау 13, 2025

Мүткенов және Қараоба ауылында биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында бірнеше жоба жүзеге асуда. Ал өткен жылдан биылға жалғасқан спорт кешенінің құрылысы аяқталды.

Жуырда аудан әкімі Қаршыға Арынов жұмыс сапарымен Мүткенов және Қараоба ауылдарына барып, ауылдық Мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарының барысын және дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты.

Мүткенов ауылындағы Мәдениет үйінде қазіргі уақытта демонтаж жұмыстары жүргізілуде. Мердігер ұйым – «Оргстройпром» ЖШС. Жөндеу жұмыстары осы жылдың маусым айында аяқталады деп көзделген. Ал Қараоба ауылындағы спорт кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға беру актісі қабылданды. Бүгінде облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының басқармасына тиісті қорытынды алу үшін жолданды. Салтанатты ашылуы осы жылдың наурыз айына жоспарланған.

А.БОРАНБАЕВА.