Тереңкөл ауданында шөп шабу науқаны аяқталуға жақын. Жоспар асыра орындалғанымен шаруалар қазан айына дейін әлі де бар шөпті шауып алмақ ниетте.
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, биыл 82,1 мың гектар шабындықтан шөп дайындау көзделген. Бүгінде 85,2 мың гектар алқаптан шөп шабылыпты. Яғни, жоспар төрт пайызға асыра орындалған. Нәтижесінде, жоспарлы 113,7 мың тонна шөп дайын тұр. Ағымдағы жылы шөптің шығымдылығы далалық алқапта гектарынан 11,8 центнерді құрапты. 10,6 мың гектар жайылма алқабынан 26,5 мың тонна шөп әзірленіпті. Жайылмадан шаруалар гектарынан 25 центнерден шөп алуда. Шабылған 113,7 мың тонна шөп қыстаққа жеткізіліпті. Соның ішінде 19 мың тоннасы – жайылмалық алқаптан шабылған шөп.
Г.ТҮГЕЛБАЙ.