Ақжол ауылында жаңа газбен жабдықтау қазандығын салу жұмыстары басталды. Бұл қазандық осы елді мекендегі Т.Бигельдинов атындағы орта мектеп пен ауылдық мәдениет үйін жылумен қамтамасыз етеді. Жұмыстар облыстық бюджеттен «Бонустық трансферті» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Қазандық құрылысының мердігері болып 42 млн теңге сомаға конкурс ұтқан «Сайлау Бурстрой» ЖШС таңдалды. Құрылыс жұмыстары осы айдың басында басталды. Олардың аяқталу мерзімі келесі айдың соңына немесе сәуір айының басына жоспарланған.
Қазіргі уақытта мердігер жерге орналастыру жұмыстарын жүргізіп, құрылыс материалдарын жеткізуде. Жаңа қазандық білім беру мекемесі мен мәдениет үйін тұрақты жылумен қамтамасыз етіп, оқушылар мен жергілікті тұрғындардың жағдайын жақсартуға ықпал етеді деп күтілуде.
Өз тілшіміз.