Жұмыстар — бақылауда

Мау 20, 2025

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Баскөл ауылындағы бірнеше нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жуырда аудан әкімі Қаршыға Арынов Баскөл ауылына жұмыс сапарымен барып, А.Иманов атындағы орта мектеп пен мәдениет үйінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Бүгінде орта мектепте аумақты абаттандыру, жылу жүйесін толық ауыстыру, электр желілері мен ішкі коммуникацияларды жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, кабинеттердің қабырғаларын әрлеу және басқа да жөндеу жұмыстары жүруде. Мектеп аумағында балалар және футбол алаңы орналаспақ. Ал мәдениет үйінде шатырды жөндеу жұмыстары аяқталып, сыртқы қасбетті қаптау, жылу оқшаулар жұмыстары жүргізілген. Әлеуметтік нысанның екінші қабатының ішкі әрлеу жұмыстары ішінара орындалып, жылу жүйесі мен электр сымдары ауыстырылған. Қазіргі уақытта заманауи материалдарды қолдана отырып, әрлеу жұмыстары атқарылуда.

А.БОРАНБАЕВА.

 

WhatsApp