Шұға ауылындағы су құбырының бақылау-өткізу пунктінде құрылыс жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта жылыту жүйелері мен кондиционер орнатылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның аяқталу мерзімі желтоқсан айының соңына жоспарланған.

Жуырда Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов жұмыс сапарымен Шұға және Шілікті ауылдарына барып, аталған елді мекендерде іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

Бүгінде Шілікті ауылындағы медициналық пункттің ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстар кестеден аздап артта қалған, алайда мердігер ұйым жұмысты осы жылдың соңына дейін аяқтайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, Шілікті ауылының кірме жолына жөндеу жұмыстары аяқталды. Енді бұл жол ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы болмақ.

А.БОРАНБАЕВА.