Жұмыс орындары ұсынылды

Там 28, 2025

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Шарбақты ауданында бос орындар жәрмеңкесі өтті. Шараға келген жұмыссыз азаматтардың біразы екі қолға бір күрек тауып қайтты.

Аталмыш жәрмеңкеге аудандағы кәсіпкерлер, түрлі саланың өкілдері мен Мансап орталығының мамандары қатысып, тұрғындарға бос жұмыс орындарын ұсынды. Сонымен қатар, еңбек еткісі келетін жандарға жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу бойынша түсініктемелер мен кеңестер берілді.

Жұмыссыз азаматтар бос орындармен таныс болып, өздеріне лайықты жұмыс табуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, жәрмеңкеге келген аудан азаматтарына жұмысқа орналасу жолдары, талап етілетін құжаттар, бос орындар және жұмысшы мамандықтардың маңызы жайлы ақпараттар ұсынылды.

Н.АҚЫТЕГІ.