Ауданда Северный, Сілеті ауылдарындағы мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігерлер нысандарды уақытылы тапсыруы тиіс.

Аудандық білім бөлімінің маманы Е.Қаңғырбаевтың сөзіне сүйенсек, жұмыстың басым бөлігі атқарылған. Бүгінде мектептердің шатыры толық жөнделіп, электр желілерін қалыпқа келтіру, әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігерлер жөндеу жұмыстарын тамыз айының ортасында аяқтамақ.

Сондай-ақ, ауданда облыстық, аудандық маңыздағы жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Ленин-Амангелді бағытындағы 16,891 шақырым жолды жөндеу екі жылға жоспарланған. Мердігер — «Ай Су Мелиорация» ЖШС бұл бағыттағы істі толық атқаруда. Сонымен қатар, Панфилов-Қосағаш бағытындағы жолдың 5 шақырымына асфальт төселді. Бүгінде мердігер «Нұрал» ЖШС жол жиегін тегістеу жұмыстарын жүргізуде.

Самат МӘНЕНҰЛЫ.