Жуырда аудан орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жергілікті тұрғындар үшін қажетті өнімдер нарықтағы бағадан төмен саудаланды.
Жәрмеңкеде сүт өнімдері арзан-датылған бағамен ұсынылды. Бұл ретте ірімшіктің келісі – 700 теңге, сары майдың келісі – 5500 теңге, қоспаның келісі – 3500 теңге, талқанның келісі – 3000 теңге, сүттің литрі – 300 теңгеден саудаланды. Сонымен қатар, картоптың келісі — 85 теңге, балықтың келісі – 900 теңге, балдың келісі — 2000 теңгеден сатылды. Тұрғындар тарапынан етке сұраныс жоғары болды. Жергілікті шаруа қожалығы иелері сиыр етінің келісін 2200 теңгеден, жылқы етінің келісін 2800 теңгеден ұсынды.
— Жәрмеңкеден құрт, қоспа сынды сүт өнімдері мен ет сатып алдым. Тауарлар қолжетімді бағамен сатылғаны қуантты. Ауыл шаруашы-лығы жәрмеңкесі әр демалыс сайын ұйымдастырылып тұрса, қуанатын едік, — дейді Аққулы ауылының тұрғыны Мәрзия Рахметова.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.