Ауданда «Мектепке жол» акциясы аясында қазіргі таңда 1560 балаға жалпыны біліммен қамту қорынан көмек көрсетілген. Яғни, әрбір балаға 49 665 теңгеден аударылыпты.

Одан бөлек, жомарт жандар да оқушыларды жаңа оқу жылына дайындауға атсалысуда. 92 оқушыға демеушілердің заттай көмегі көрсетілген. Яғни, мектеп, спорт формалары мен кеңсе тауарлары табысталыпты. Аудандық білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі Маржан Құсайынованың айтуынша, аудандық прокуратура, төтенше жағдай бөлімі, ішкі істер бөлімі, Халық банкінің аудандық филиалы қызметкерлері де қол ұшын берген. Ал ауылдық елді мекендерде шаруа қожалықтарының иелері жәрдем берген. Айта кетейік, акция әлі де жалғасуда.

 

Г.МАҒЖАН.