Зиянкестермен күрес күшейеді

Мам 15, 2025

Май ауданында қансорғыш жәндіктерге қарсы дезинфекциялық жұмыстар басталды. Бірінші кезекте жертөлелер, су қоймалары өңделеді. Кейін мұндай шаралар саябақтарда, скверлерде және көшелерде жүргізілмек.

Аудан аумақтарын масалардың дернәсілдеріне қарсы өңдеу жұмыстары ғылыми топтың ұсыныстарына сәйкес атқарылуда. Жоспар бойынша жалпы ауданы 2613 гектар биологиялық препаратпен 2 есе өңделмек. Жалпы ауданы 1731 гектарды химиялық препаратпен 6 есе өңдеу жүргізілмек.

Биыл аудандағы дезинсекциялық жұмыстарды ғылыми сүйемелдеу бойынша қызметтерді жеткізуші «БиоСфера» ғылыми-өндірістік кәсіпорны атқарады.

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.