Ақтоғай ауданына қарасты Мүткенов ауылының тұрғындары облыс әкімімен өткен кездесу барысында елді мекен ішіндегі жолдардың ойлы-шұңқыр екенін айтып, мәселе көтерген еді. Енді «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдағы бұрын-соңды тас жол болмаған көшелерге алғаш рет асфальт төселуде. Жергілікті жұртшылық талап-тілектің орындалып, жол жайы жақсаратынына қуанышты.
Элиталық тұқымды пайдаланады
Жуырда аймақ басшысы Асайын Байханов Ақтоғай ауданына жұмыс сапарымен барып, көктемгі егіс жұмыстарының барысымен, инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалардың іске асырылуымен танысты. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде жиналыс өткізді.
Алдымен Асайын Қуандықұлы көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты. Биылғы егіс жұмыстарына 10 767 тонна тұқым дайындалған. Оның 6 мыңға жуығы — дәнді дақылдар, 4500-ге жуығы — картоп және қалғаны ішінара шөптерге бөлінген.
Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арыновтың сөзінше, аудандағы егіс алқабы 74 мың гектарды құрайды. Бұл — өткен жылға қарағанда 4 мың гектар артық. Биыл 50 650 гектарда астық дақылдары, оның ішінде 41 мың гектарға жуығына бидай егіледі. Сондай-ақ, майлы дақылдар үшін егіс алқабының көлемі 9 127 гектар, ал картоп бойынша 2 720 гектар жерді құрайды.
– Жанар-жағармай материалдары бойынша 16 шаруа қожалығы арзандатылған дизель отынына өтінім берді. Бүгінде 1451 тоннаға өтінім беріліп, оның 985 тоннасы мақұлданды. Жалпы, бәрі жоспар бойынша өтуде. Жеткізуші екі опе-ратор жұмысында кідірістер жоқ. «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша жобаларға 3 миллиард 158 миллион теңге бөлінді. Биыл бізде «Ақтоғай-Агро» және «Жангөбек» компаниялары 375 тоннаға жуық элиталық тұқымды пайдаланады. Ал картоптың бірінші репродукциясы 2200 тоннаны, екінші репродукция шамамен 2500 тоннаны, ал 3, 4, 5 репродукция жалпы астықтың 1500 тоннасын құрайды, – деді Ақтоғай ауданының әкімі.
Облыс әкімі жердің құнарлылығы жылдан-жылға төмендеп келе жатқанын, сондықтан тыңайт-
қыштарды қолданбайтын шаруа-шылықтармен жиі жұмыс жүргізу керектігін атап өтті.
— Бірінші кезекте шаруашылық-тарға ескерту беріп, ескерткеннен кейін тыңайтқыштарды қолданбайтын болса, онда жерлерді алып, оны шын мәнінде кәдеге жараталатын басқа шаруашылықтарға беретін боламыз, – деп ескертті Асайын Байханов.
Одан соң аймақ басшысы аудандағы ірі қожалықтардың бірі «Ақтоғай-Агро» мен «G-Agro PV» компанияларының басшыларымен кездесті.
«Ақтоғай-Агро» компаниясының басшысы Александр Терентьевтің сөзінше, Қожамжар ауылдық округіне қарасты Қайран елді мекенінде 380 гектар жерді игеру жоспарланып отырғанын атап өтті. Жобаға
600 млн теңгеден астам инвес-тиция салынды, суару желісі мен сорғы станциясы салынды. Сондай-ақ, арамшөптермен күресу мақсатында жергілікті агрономдар шалғамды пайдаланады, бұл патогендік организмдерді, соның ішінде сымқұрттарын жоюға көмектеседі. Бұл дақыл зиянкес-термен күресіп қана қоймай, топырақты сауықтырады.
– Шалғам екі-үш рет шабылады, содан кейін біз оны пішен ретінде қолданамыз. Бос жерлерге картоп пен жүгері отырғызамыз. Қазір суару процесі басталды. Әрбір суару машинасы 100 гектарды қамтиды. Өткен жылы біз сорғы станциясын салу бойынша инвестициялық жобаны іске асырдық, соның арқасында қазір ылғалдың жетіспеушілігі мәселесін шеше отырып, Ертістен су аламыз, – деді шаруа қожалығының басшысы.
Ал «G-Agro PV» компаниясының директоры Игорь Головашовтың айтуынша, инфрақұрылымды кеңейту және суармалы жерлердің ауданын 3-4 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр. Бір рет суару үшін 250-ден
350 текше метрге дейін су жұмсалады. Одан бөлек, болашақта 1 600 қара малға арналған тауарлы сүт фермасын және көкөніс қоймасын салуды жоспарлаған. Көкөніс қоймасы бір уақытта 10 мың тоннаға дейін өнімді сақтай алады, бірақ оны салу үшін жер учаскесі қажет. Мәселе инвестициялық штабтың қарауында. 2028 жылы кәсіпорын толық күшінде жұмыс істеуі тиіс.
— Қазіргі уақытта жаңбырлатқыш машиналарды сатып алудамыз. Жалпы саны
46 болды. Мамыр айының соңына дейін
тағы тоғыз машина жеткізілмек. Инвестициялардың 50 пайызы меншікті қаражат, қалғаны ӘКК арқылы 10 жылға 2,5 пайыз мөлшерлеме бойынша қарызға алынды. Жер телімдері бөлініп, коммуникациялар жүргізілуде, — дейді ол.
Облыс әкімі Асайын Байханов жобаның өңірдің экономикасы үшін ғана емес, әлеуметтік сала үшін де маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, электрмен жабдықтау мәселесі облыстық деңгейде қаралатынына сендірді.
– Негізгі мәселелер шешіліп, қаржыландыру қамтамасыз етілді. Электрмен жабдықтауды және екі негізгі жобаны – көкөніс қоймасы мен ферманы одан әрі қаржылан-дыруды реттеу қалады. Бірінші кезеңде кәсіпорын жауапкершілікті толықтай ала алатынын дәлелдеу қажет. Өкінішке қарай, кейбір қарыз алушылар қаражатты мақсатсыз пайдаланады, бұл жағдайды қиын-датады. Инвесторлардың қара-
жаттың мақсатты пайдаланылуын сақтауы маңызды, – деп атап өтті аймақ басшысы.
Инвестициялық жобалар жүргізілуде
Ақтоғай ауданының Мүткенов ауылында осы бағытта бірнеше жоба жүзеге асуда. Мәселен, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында көп жылдан бері жөндеу көрмеген әрі апатты жағдайда тұрған мәдениет үйі қайта жөндеуден өтуде. Ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары осы жылдың 20 ақпанында басталған. Жұмыстар осы жылдың 20 шілде-сінде аяқталады деп жоспарланып отыр. Жоба 149 миллион теңгеге бағаланды. Жөндеу жұмыстарын «Оргстройпром» мердігерлік ұйым өз мойнына алды. Одан бөлек, аталмыш елді мекеннің барлық ауылішілік жолдары асфальтталмақ.
Мүткенов ауылдық округінің әкімі Риза Әкімжанованың айтуынша, бүгінде төрт көше мен ауылдың кіреберіс жолында орта мерзімді жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жол жөндеу жұмыстарын тәжіри-белі «Асфальтобетон-ПВ» мердігер компания жүргізіп жатыр. Аталмыш мердігерлік компания Тереңкөл, Павлодар және Успен ауданда-рының ауылдарындағы ауылішілік жолдарды да жөндеуде. Аталмыш мердігермен 129,1 млн теңгеге келісімшарт жасалды. Жоспарға сәйкес жұмыстар мамыр айының соңына дейін атқарылмақ.
Жұмыстармен танысқан Асайын Қуандықұлы жол жөндеу кезінде, әсіресе, әлеуметтік нысандар маңындағы жұмыстардың сапасына баса назар аудару керектігін алға тартты.
– Бұған дейінгі кездесуде Мүткенов ауылдық округінің тұрғындары жол мәселесін көтерген болатын. Аудан тарихында бұл жерде алғаш рет асфальт төселетін болады. Бастысы, жұмыстың жоғары сапасын қамтамасыз ету және оны жоспарға сәйкес аяқтау, – деп атап өтті облыс әкімі.
Сонымен қатар, аудан орталығы Ақтоғай ауылында баспанаға мұқтаждар кезегінде тұрған әлеу-меттік осал топтағы азаматтарға арналған 24 пәтерлі жаңа тұрғын үй салынуда. Баспана Екібастұз қаласында өндірілген кірпішпен қапталған, қабырғалары пеноплекспен оқшауланған. Құрылысшылар келесі жылы үйге кірер жолды төсеп, үйдің айналасына кеспетас төсеуге уәде берді. Үйдің құрылысы қаңтар айында басталып, ағымдағы жылдың маусым айында аяқталады.
Айта кетейік, бүгінде тұрғын үй кезегінде 150 адам тұр. Оның 7-еуі – жетім санатынан, 66-сы – әлеуметтік осал топтардан, ал қалғаны көп балалы аналар мен апатты үйлерде тұратын адамдар.
Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы жуырда Қараоба ауылында ашылған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен, биылғы жылы толықтай қосымша құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген Абай атындағы орта мектептің және балаларға арналған аудандық өнер мектебінің тыныс-тіршілігімен танысты. Кейін ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде жиналыс өткізді.
Айдана БОРАНБАЕВА.
Ақтоғай ауданы.
Суретті түсірген — Есенжол Исабек.