Тереңкөл ауданының шаруалары биыл 1470 гектар алқапқа картоп еккен. Бүгінде оның 1350 гектарынан «екінші нан» жиналып алыныпты. Яғни, алқаптың 91,7 пайызынан өнім жиналды.

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, картоп өсірілетін алқаптың бәрі суармалы. Тереңкөлдік диқандар биыл гектарынан орташа есеппен 350 центнерден өнім алуда. Картоп өсірумен ауданда 9 шаруа-шылық айналысады. Картоп алқаптары Береговое, Тереңкөл, Жаңабет, Ивановка ауылдық округтері аумағында жатыр.

Қазіргі таңда жиналған жалпы өнім көлемі 47,25 мың тоннаны құраған. Күзгі картоп жинау науқанына 283 комбайн жұмылдырылған. Шаруалар ағымдағы аптада картоп жинау жұмыстарын толық түйіндемек.

Г.ТҮГЕЛБАЙ.