Баянауылда халықаралық туристік слет өтті. Оған Қазақстан мен Ресейдің 16 өңірінен 16-18 жас аралығындағы 80-нен астам турист қатысты.
Баянауыл ұлттық паркінде «Ертіс меридианы – 2024» атты халықаралық туристік слеті ұйымдастырылды. Жарыстың алғашқы күнінде қатысушылар «Кросс-жорық» қашықтығында таулы және сулы жерлерде 15 кезеңнен өтті.
– Балалар жарыс барысында мол тәжірибе мен жағымды эмоциялар алды. Біздің «СЮТур» балалар-аула клубының командасы «Құтқару жұмыстары» бойынша қашықтықта – тоғызыншы орын, «Эстафетада» – жетінші орын, «Фотография» бойынша төртінші орынды иеленді, – дейді Павлодар қаласы балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының ұстазы Рустам Кенжин.
Айта кетейік, туристік слет барысында қатысушылар төрт күн бойы «Кросс-жорық», «Тау-кен техникасы», «Эстафета», «Құтқару жұмыстары», «Фотография», «Бард әндері» сайыстарынан бақ сынасты.
Өз тілшіміз.