Железин ауданының орталығы – Железинка ауылында бір ай бұрын екі қабатты 24 пәтерлі үйдің құрылысы басталды.
Бұл баспана мемлекеттік органда тұрғын үй кезегінде тұрған қоғамның әлеуметтік осал тобы санаттағыларына үлестіру жоспарлануда. Железинка ауылдық округінің әкімі Қанат Айсақовтың айтуынша, қазіргі таңда әлеуметтік тұрғын үй кезегінде 203 адам тұр. Тұрғын үйді қыркүйекке дейін аяқтап, азаматтардың игілігіне беріледі деп күтілуде.
Аталмыш ауылдық округке қарасты Аққайың ауылының кіреберіс жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тағы бірқатар жобалар бойынша алдағы уақытта конкурстар сәтті өтсе, күзге дейін іске асыру жоспарлануда.
Г.МАҒЖАН.