Кейуананың көрмесі

Сәу 10, 2025

Аудан орталығында 80 жастағы қария Күлтай Айғожинованың жеке көрмесі ұйымдастырылды. Танымал қолөнер шебері өзі тіккен бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды.

Күлтай Қасымқызы 1945 жылы Ертіс ауданы Қараағаш ауылында дүниеге келген. Өмірін ұлттық бұйымдарды тігумен байланыстырған қария қазақтың ою-өрнегін кестелеп құрақ көрпе, ұлттық киім тігеді, сырмақ, тұскиіз басады. Ардақты ананың еңбектері елімізде ғана емес, шетелдік өнерсүйер қауым арасында да жоғары бағаланған.

Көрмеге Күлтай апаның қолынан шыққан туындылары, жеке заттары, көне суреттері мен мұрағатта сақталған құжаттары қойылды.

— Қазір киіз басу ісі жастар арасында ұмыт болып барады. Сырмақ сырудың жұмысы оңай емес. Көрмедегі бұйымдар арқылы жастарға ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, қолөнерге деген қызығу-шылықты арттыруды қаладым. Туындыларыма баға беріп жатқан аудан жұрт-шылығына ризашылығымды білдіремін, — дейді Күлтай Қасымқызы.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.