Осы жылы Ақтоғай ауданының аумағы арқылы өтетін респуб- ликалық маңызы бар Атамекен-Ертіс-Русская Поляна автомобиль жолының учаскелерінде жалпы ұзындығы 33 шақырымды құрайтын жолды орташа жөндеу жоспарлануда. Қазіргі уақытта құжаттама ведомстволық сараптамадан өтті.
Ал Мүткенов ауылында жалпы ұзындығы 3,6 шақырым (Қазақстан көшесі – 0,7 км, Жастар көшесі – 0,5 км, Бейбітшілік көшесі – 0,7 км, Береке көшесі – 0,5 км, кіреберіс жолы – №2 – 1,2 км) болатын ауылішілік жолдарды орташа жөндеуге 147,5 млн теңге бөлінді. Жобаны облыстық бюджеттік комиссия қолдады.
Сондай-ақ, Қараой, Жамбыл және Қайран ауылдарының кіреберіс жолдарын орташа жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Сараптама қорытындысын алғаннан кейін бюджет өтінімі ары қарай қаржыландырылуы үшін салалық басқармаға жіберіледі.
А.БОРАНБАЕВА.