Кірпіш зауыты салынады

Нау 5, 2026

Ақсу қаласының аумағында жаңа инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Бұл кәсіпорын кірпіш өндірумен айналысады.

Таяуда Ақсу қаласының әкімі Болатбек Шәріпов жылына 60 млн дана кірпіш өндіру қуаттылығы бар зауыт салу жөніндегі инвестициялық жоба мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кәсіпкер құрылыс материалын шығару арқылы өңір сұранысын өтеп қана қоймай, жеке қаржысын құйып, жаңа жұмыс орындарын құруды жоспарлап отыр. Ал әзірше құрылыс алаңын дайындау, инженерлік желілерге қосылу сынды ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Технологиялық жабдықтарды жеткізу, өндірістік желіні қалыптастыру және кәсіпорынды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету сынды ауқымды істер де бар. Бұл ретте шаһар басшысы жергілікті билік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сонымен қатар, инвестициялық жобаны жүзеге асыру аясындағы басым міндеттер айқындалып, әрі қарайғы іс-қимыл жоспары келісілді.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Ақсу қаласы.