Ауданда көпбалалы аналарға құрмет көрсетілуде. Жуырда аудан әкімі Болатбек Шәріпов алты  бала сүйген аналарға «Күміс алқа» төсбелгісін табыс етті.

Мұндай марапатқа ие болғандардың қатарында Ағашорын ауылының тұрғыны Күміс Жексенова бар. Аудан әкімі алты баланы өмірге әкелген анаға еліміздің демографиялық дамуына үлес қосып отырғаны үшін алғысын білдіріп, сый-сыяпат көрсетті. Бұдан бөлек, Ертіс ауылының тұрғыны Дина Хайдарова да «Күміс алқа» төсбелгісіне ие болды. Ұрпақ тәрбиесімен айналысып отырған анаға да құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары табысталды.

— Бала тәрбиесімен айналысып отырған аналарға құрмет көрсету — парызымыз. «Күміс алқа» иегерлеріне зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін. Еліміздің ертеңі – ұрпақ өсірудегі еңбектеріңіз жана берсін, — деді Б.Шәріпов.

Атап өтерлігі, ауданда көпбалалы аналардың қатары жыл сайын артып келеді.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.