Май ауданының екі елді мекені үшін осы жыл берекелі болайын деп тұр. Өйткені, биыл Қаратерек және Кеңтүбек ауылының мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмыстары басталмақ.
Май ауданының әкімі Ағыбай Әміриннің ауданға қарасты ауыл тұрғындарымен тұрақты кездесуі барысында ел азаматтары бірнеше мәселені қозғап келеді. Солардың бірі – Кеңтүбек ауылындағы көптен бері жөндеуден өтпеген мәдениет үйін қайта жаңғырту жұмыстары. Енді әбден тозығы жеткен мәдениет нысаны қайта жөндеуден өтіп, аталған мәселе осы жылы жоспарға сай шешімін таппақ. Күрделі жөндеу жұмыстары «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асады. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстарының жобасын әзірлеу жұмыстары қолға алынуда. Ал Қаратерек ауылындағы мәдениет үйі бонустық трансферт бойынша жөнделеді.