Күрделі жөндеу жүргізілуде

Шіл 31, 2025

Ауданда Шарбақты ауылындағы орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстары  жүргізілуде.  Қазіргі уақытта сынып бөлмелері жаңартылып, мектеп шатыры мен жылу жүйесі жаңартылуда. Сонымен қатар, мектеп ауласы абаттандырылып, жаңа оқу жылына дайындық жүргізілуде.

Аққулы ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Махаббат Абулова ілкімді іс «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында қолға алынғанын атап өтті.

— Шарбақты ауылындағы мектептің 60 жылдық тарихы бар. 11 жылдық білім ордасында 270-тен астам оқушы білім алады. Биыл республикалық бюджеттен 400 млн теңгеге жуық қаражат бөлініп, мектеп жаңа кейіпке енгізілмек. Күрделі жөндеу жұмыстары тамыз айының ортасында аяқталады деп жоспарлануда. Бастысы, оқушылар жаңа оқу жылын жаңа кейіпке оранған мектепте қарсы алады, — дейді Махаббат Өміртайқызы.

Ауыл тұрғындары ауқымды істің аяқталуын асыға күтуде.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.