Кәсіпкердің сыйы

Мам 29, 2025

Железинка ауылында тағы бір шағын футбол алаңы балалар игілігіне беріледі. Бұл алаңға қаржы қазынадан бөлінген жоқ. Жеке кәсіпкер балаларға тарту етпек.

Ұрпақ келешегіне бейжай қарамайтын елжанды азамат қазіргі таңда шағын футбол алаңының құрылысын бастап кеткен. Тамаша тартуды «КАБ» шаруа қожалығы жасап отыр. Осылайша, ол жазғы демалыс қарсаңында балаларды қуантуды жөн көрген. Яғни, жеткіншектер жаз мезгілін пайдалы әрі көңілді өткізуіне, денсаулықтарын шынықтыруына өзіндік үлес қосып отыр.

Железиндегі шаруаның балаларға қамқорлығы — бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын үлгісі. Аудан билігі жомарт азаматтың бастамасы өзге де кәсіпкерлердің туған өлкесіне қолдау көрсетуге ой салады деген үмітте.

Г.МАҒЖАН.