Железин ауылы – аудан орталығының бет-бейнесі екені сөзсіз. Сондықтан, мұнда абаттандыруға, тазалық жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Көктем шыға күл-қоқыстан тазартылса, қазіргі таңда көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына кіріскен.
Железин ауылдық округінің әкімі Қанат Айсақовтың айтуынша, күнделікті жоспарлы істер жүзеге асуда. Қазіргі таңда мердігер фирма аудан орталығында көше жолдарындағы жаяу жүргіншілер өтетін жолақтарды жаңартуда. Бұл елді мекендегі көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, инфрақұрылымның сапасын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, алдағы апталарда көше жолдарында ойылған тұстар ретке келтірілмек. Оған да мердігер анықталыпты.
Аудан орталығында субұрқақ та жаңа маусымда іске қосылып, балалардың ыстықта сая табуына жағдай жасауда. Ауылдың кіреберісіндегі стелланы сырлап, жаңартып қойған. Жарамсыз, құлауға таяу ағаштарды анықтап, оларды кесу шаралары да қолға алыныпты. Ауылды көгалдандыру, гүлзарлар егуге кіріскен.
Г.МАҒЖАН.