Ауданда қар тазалау және көктайғақты болдырмау жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінге дейін барлық елді мекен бойынша 1 868 тонна қар шығарылды.

Аудан аумағында жауған қалың қар көлік қозғалысы мен тұрғындардың жүріп-тұруына кедергі келтірмес үшін елдім мекендердің тазалығына жауапты мекемелердің арнайы техникалары жұмылдырылып, ауыл көшелерін, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта барлық ауылдық округ мердігер ұйымдармен жолдарды қысқы күтіп ұстауға шарт жасасты. Қардан тазалау жұмыстарына барлығы 10-ға жуық техника жұмылдырылды. Одан бөлек, жолдарды күтіп ұстау шеңберінде қардан тазарту, көктайғаққа қарсы материалдарды себу, қар шығару, жолдарды патрульдеу жүргізіледі.

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.