Көктемгі науқанмен танысты

Мам 15, 2025

Голубовка ауылының жастары «Абай» шаруа қожалығына барып, серіктестіктің жұмысымен танысты.

Мектеп түлектері ауыл шаруашылығына қажетті заманауи трактор, комбайндарға мініп, механизаторлармен әңгімелесті. Мұндай кездесулер жастарға кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Қожалық мамандары болашақ мамандарды егіс алқабына апарып, дала төсіндегі қызу жұмысты көрсетті. Егіннің бітік шығуы үшін тұқымның қалай сұрыпталатыны, жер жырту жұмыстарының қалай жүргізілетіні туралы мол мағлұмат берді. Жастар тәжірибелі сала иелеріне ауыл шаруашылығына қатысты сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.