Ата-аналар балаларын жаңа оқу жылына дайындап, керек-жарағын түгендеуде. Осы ретте, аз қамтылған отбасылардың балаларына «Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсетілуде. Жәрдем жаппай оқу қорынан және демеушілер есебінен берілуде.

Аудандық білім беру бөлімінің мәліметіне сүйенсек, 132 балаға демеушілер қол ұшын созбақ. Олардың ішінде 52 оқушыға демеушілер есебінен көмек көрсетілген. Атап өтер болсақ, мектеп ұжымы, әкім аппараты, бөлім басшылары, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер тарапынан қолдау көрсетілуде.

Одан бөлек, жаппай оқу қорынан 384 баланың ата-аналары мен заңды өкілдерінің есеп шоттарына қаржылай көмек аударылған. Әр балаға 49665 теңгеден бөлінген.

 

Г.МАҒЖАН.