Железиндік жастар «Қайырымдылық күні» қарап қалған жоқ. Қолдарына күрек алып, жалғызбасты, көмекке мұқтаж қарт адамдардың ауласын, үйінің шатырын қардан тазалап, жәрдем етті.
Мүмкіндігі шектеулі қарияның отынын жарып, кіреберісіне кіргізіп берді. Өзге де қажетті шаруасын істеп, бір сәт ауыртпалығын жеңілдетуге тырысты. «Айбат» жастар бірлестігінің өкілдері осылайша бүгінгі ұрпаққа қайырымдылық, мейірімділік сияқты құнды қасиеттерді дәріптеуді мақсат еткен. Олар жүрекке жылу сыйлау арқылы қоғам дамуына өзіндік үлестерін қосты.
Сонымен қатар, «Adal» еріктілер қозғалысының мүшелері көп балалы отбасыларға Наурыз мейрамына орай азық-түлік себеттерін таратты. Бұл игі істі атқаруға Железин ауданының тұрғындары атсалысқан.
Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ.