«Мектепке жол» атты жыл сайынғы акция аясында тереңкөлдік оқушыларды мектепке даярлауға жәрдемдесу жалғасын табуда. Мемлекеттің көмегінен бөлек, жомарт жандар қол ұшын созуда.
Аудандық білім беру бөлімінің ақпаратына сүйенсек, Үкіметтің қаулысына сәйкес әлеуметтік санатқа жататын 310 оқушыға қаржылық көмек берілген. Әр балаға 53 663 теңге аударылған. Қаражат балалардың ата-аналарының есепшотына жіберілген.
— Одан кейін де құжат тапсырған он шақты бала бар. Оларға қаражат жеткілікті, ақша аударылады. Жалпы, өзінің халықтың осал тобынан екендігін және қаражат көзінің жеткілікті деңгейде еместігін дәлелдей алмаған көпбалалы отбасылар да бар. Бұл отбасыларды мекемелерге, ұйымдарға бөліп бердік, көмек көрсетуде, — дейді бөлім басшысы Жайнат Билялова.
1 тамызда бастау алған акция шеңберінде қазіргі таңда 177 балаға 1 млн 817 мың теңгеге демеушілік көмек көрсетілген. Мәселен, «Песчан жөндеу-механикалық зауыты» ЖШС аталмыш ауылдағы екі метептің 1 сынып оқушыларына мектеп сөмкелері мен кеңсе тауарларын тарту еткен. Сонымен қатар, «Мосейчук», «Аскапова» жеке кәсіпкерлері де үлестерін қосқан. Одан бөлек, «Скубак», «Қызыл-Ту», «Нұр», «Букаев», «Әсетов» жеке кәсіпкерліктері, «Логотек», «Астық-ПВ», «Агрохолдинг-Бірлік», «Бейбарыс», «Агродаму» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Сұлуағаш», «Динара», «Щербак» шаруа қожалықтары жәрдемдескен.
Г.ТҮГЕЛБАЙ.