Шарбақты жалпы орта мектебінің ұжымы 1984 жылы оқу бітірген түлектерді құшақ жая қарсы алды. Көптен күткен кездесуге алтын ұясынан 40 жыл бұрын ұшқан 19 түлек қатысты.
Мектеп басшылығы мен лагерьдегі оқушылар оларға зор құрмет көрсетіп, қошеметпен қабылдады.
40 жылдық түлектер мектеп қабырға-сындағы қызықты сәттерін еске алып, балалар мен мектеп ұжымына жылы лебіздерін жеткізді. Сабақ берген ұстаз-дары туралы айтып, мектеп ішін аралады. Алғашқы кабинеттеріне кіріп, партаға отырды. Түлектер «Мектепке тағзым» акциясы аясында кілемдерді сыйға тартты.
— 40 жылдан кейін алтын ұяға оралу сезімі бөлек. Балалық шағымыздың барлық қызығы осы мектеп қабырғасында өтті. Тәтті естеліктер ұмытылмайды. Мектеп ұжымы мен оқушыларға толағай табыс тілеймін. Биылғы түлектер қалаған оқу орнына түсіп, маман иесі атансын, — дейді Роза Ақылбайқызы.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.