«Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасы аясында Май ауданының орталығында Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті. Мерекелік шара «Қазақстан балалары – мамандықтар әлемінде» атты салтанатты шеруден басталып, концерттік бағдарламамен жалғасты.
Аталмыш жоба аясында орталық алаңда «Полиция – балалардың қорғаны», «Балалардың сенімді дәрігері», «Бала қауіпсіздігі – басты орында» атты қызықты шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Қазақстан балалары — мамандықтар әлемінде» бағыты бойынша «Бала бизнес» жобасы таныстырылды.
Мерекелік шараның екінші бөлімі аудандық мәдениет үйінде жалғасты. Ауданның 5-8-сынып оқушылары арасында зияткерлік, тәрбиелік, спорттық шаралар мен сайыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздіктер аудан әкімінің атынан Алғыс хаттармен және бір реттік шәкіртақымен марапатталды. Ал «Бала бизнес» жобасынының жас кәсіпкерлері «АMANAT» партиясының атынан Алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды. Мерекелік шараның соңында балаларға тегін балмұздақтар таратылды.
А.БОРАНБАЕВА.