Аудан орталығы Көктөбе ауылындағы 22 көшеге жарық тартылды. Бұл мақсаттағы жұмыстар 15 қарашада аяқталады.

Көктөбе ауылында бүгінде барлығы 33 көше бар. Оның 22-сіне қазіргі уақытта жарық тартылды. Бұған облыстық бюджеттен 117 млн теңге бөлінген.

— Бүгінге дейін ауыл тұрғындары көшелерге жарық орнату бойынша мәселе көтерген болатын. Кейін мәселе оң шешімін тауып, облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Жұмысқа жауапты «Хлебстрой» мердігері жұмыстардың 80 пайызын аяқтады. Жарық орнату жұмыстары 15 қарашаға дейін жалғасады, — дейді Көктөбе ауыл-ының әкімі Әкімбек Темірғалинов.

Айта кетейік, өткен жылы аталмыш ауылдың 13 көшесіне асфальт төселсе, биыл 9 көшенің жолы жөнделді.

 

А.БОРАНБАЕВА.