Ақтоғай ауданы бойынша 63,4 мыңға жуық төрт түлік бар. Оларға қажетті мал азығы 187, 9 мың тоннаны құрайды.

Жем-шөптің көрсетілген көлемі шабындық алқаптарда, жайылмалар мен сағаларда егін жинау есебінен алынатын болады. Сондай-ақ, 26 мың тонна сабан дайындау жоспарлануда. Одан бөлек, «Ақтоғай-АГРО» фирмасы 16,4 мың тонна пішен салуды жоспарлап отыр.

Бүгінде 143,6 мың гектар (оның ішінде жайылма – 3,2 га) шабылды. 130,4 мың тонна (Жайылмада – 8 мың тонна) ірі жем дайындалып, 72,2 мың тоннасы жеткізілді.

Сонымен қатар, 11 қыркүйектен бастап Шүлбі су қоймасынан Ертіс өзенінің арнасына су жіберу басталады. Осыған байланысты жем-шөп дайындау жұмыстарымен айналысатын барлық меншік нысанындағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларына биік жерлерге шөп тасу қажеттілігі туралы ақпарат жеткізілді.

 

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.