Мал басы артады

Там 28, 2025

2026-2027 жылдары Ақтоғай ауданындағы «G-AGRO PV» ЖШС-і 1 800 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салу жөніндегі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Инвестициялардың жалпы көлемі 8,5 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте, 45 жұмыс орны құрылмақ.

Ал «Ақтоғай-АГРО» тауарлы сүт фермасы қуатын 900 бастан 1900 басқа дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Инвестиция көлемі шамамен 3 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ, 24 тұрақты жұмыс орнын құру көзделген. Осы жобаларды іске асыру ауданның экономикалық әлеуетін едәуір нығайтып, агроөндірістің тиімділігін арттырады және тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді.

Ақтоғай ауылындағы балабақша ғимаратын (бұрынғы дәріхана) қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталған. Аталған жұмыстарға облыстық бюджеттен 268,6 млн теңге бөлінді. Материалдық-техникалық базаны жарақтандыруға 86 млн теңге бөлінді. Жобалық қуаты 80 адамға есептелген. Ғимараттың ашылуы осы жылдың 1 қыркүйегіне жоспарланған.

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.