Ауданда мал ұрлығының алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

Полиция өкілдері төрт түлік өсірумен айналысып отырған үйлерді аралап, мал иелеріне сақтық шараларын сақтау тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар, ет сатумен айналысатын дүкендерді аралап, ет өнімдерін тиісті құжатпен тасымалдаудың маңызын ескертті.

— Ауылдағы халықтың негізгі күнкөрісі – мал шаруашылығы. Шара барысында ұрланған мал етін сату фактілеріне жол бермеу, етті сатуда құжатты дұрыс реттеу мәселесіне көңіл бөлдік. Мал иелеріне төрт түлікті көзден таса қылмай, бақташыға тапсырудың маңыздылығын түсіндірдік. Жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында малды қараусыз қалдырмау керектігін де айттық. Жыл басынан бері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 406-бабы бойынша малды жол бойында жайған 2 адам жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады, — дейді аудандық полиция бөлімінің жедел уәкіл қызметкері Азамат Байғожин.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.