Маңдайшаларға — мониторинг

Мау 20, 2025

Ауданда сауда нүктелерінің сыртқы маңдайшаларындағы жарнаманың дұрыстығы тоқсан сайын қадағаланады. Жуырда аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары кезекті мониторинг жүргізуге шықты.

Бөлімнің тілдерді дамыту жөніндегі бас маманы Ақбота Әміренованың айтуынша, жыл басынан бері мұндай мониторинг 65 сауда нысанына жүргізілген. Нәтижесінде 10 дүкеннің жарнамасында қателіктер кездескен. Сауда нысандарының иелеріне ескерту хат жолданыпты. Бүгінде олардың бесеуі қателіктерді түзеткен. Маманның айтуынша, көбінде дүкен иелері аударма жасауда қателікке бой алдырады. Сонымен бірге, жыл басынан бері ауданның барлық мекеме сайттары, ресми әлеуметтік желілері, көрнекі ақпараттар, ақпараттық стендтеріне мониторинг жүргізіліп, ескертулерге сай қателіктер жойылыпты.

Ауданда тоқсан сайын «Аудан келбеті», «Қазақша сөйлейік» акциялары ұйымдастырылады.

Г.ТҮГЕЛБАЙ.