Медициналық көлік табысталды

Қыр 4, 2025

Павлодар ауданына қарасты Шақат ауылдық фельдшерлік-акушерлік пунктінің енді жеке медициналық көлігі бар.

Аймағымызда ауылдық медицинаны дамытуға ден қойылуда. Естеріңізде болар, облыс көлемінде отыз шақты ауылда медициналық мекеме жаңадан салынды. Бұған қоса, ауылдардағы медициналық жедел жәрдем көліктерін жаңарту жұмыстары жалғасуда.

Осындай қуанышты сәт Шақат елді мекенінде де орын алды. Жаңа көлік ауылдықтарға жылдам көмек көрсетіп, науқастарды дер кезінде медициналық мекемеге жеткізуге мүмкіндік береді. Медициналық қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартуға да септігін тигізбек. Павлодар ауданында алдағы уақытта Мичурин ауылына да осындай көлік беріледі деп жоспарлануда.

Г.МАҒЖАН.