Медицина көлігі берілді

Қаз 9, 2025

Павлодар ауданының Мичурин ауылының дәрігерлік амбулаториясы арнайы техникамен және құрылғылармен қамтамасыз етілуде. Жақында амбулатория ұжымына жаңа медициналық автокөлік берілді. Енді дәрігерлер науқастарға уақытында жетіп, қызмет көрсету сапасын бұрынғыдан да жақсартатын болады.

Жедел жәрдем көлігі медицина қызметкерлеріне науқастарға жедел жетіп, шұғыл көмек көрсетуге, сондай-ақ шалғай елді мекен тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл – медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын күшейту және ауылдағы алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту бағытындағы жұмыстардың бір бөлігі.

– Біздің амбулаторияда екі дәрігер жұмыс істейді. Мекеменің техникалық базасы жаңару үстінде. Ал медициналық көліктің жаңаруы нәтижесінде біз діттеген жерімізге уақытында жетуге мүмкіндік туып отыр. Сонымен қатар, бұл көлік дәрігерлердің кәсіби қызмет көрсетуіне ыңғайланған. Сондықтан, тұрғындарға уақытылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған, — дейді дәрігерлік амбулаторияның бас дәрігері Диана Абайқызы.

Тілеуберді САХАБА.