Жақында аудан әкімі Нұрболат Мақашевтің төрағалық етуімен кезекті кеңейтілген аппараттық кеңес өткізілді. Аппараттық кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары қатысты.
Күн тәртібінде ауданның автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау, жылыту маусымын өткізу және әлеуметтік сала объектілерін қатты отынмен қамтамасыз ету, 2025 жылы мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселелері қаралды. Бүгінде қыс мезгілінде аудан бойынша автомобиль жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жол төсемін жөндеу, елді мекендердің жолдарын грейдтеу және жол жиектерін қиғаштау, инертті материал дайындау жұмыстары орындалды. Сондай-ақ, жол техникасын, өндірістік базаларды дайындау жұмыстары жүргізілді.
Жиын соңында күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Аудан әкімі ауылдық округ әкімдеріне, жергілікті атқарушы органдардың басшыларына аталған тапсырмалардың орындалу барысы жеке бақылауында болатынын айтты.
А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.