Биыл Железин ауданында Ақтау ауылының мектебі күрделі жөндеуден өтті. Мұндай жаңалыққа ауыл тұрғындары айрықша қуанышты.
Мұнда оқу кабинеттері, ғимараттың қасбеті жаңартылып, айналасы толық абаттандырылған. Білім күнінде ауылдықтармен бірге жаңартылған мектепке барған аудан әкімі Айтуған Шайхимов ұстаздар мен оқушыларға оқу жылында толағай табыс тіледі.
Айта кетейік, жаңа оқу жылында аудандағы 29 мектепке барлығы 1978 оқушы барды. Олардың ішінде 143 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.
Г.ТҮГЕЛБАЙ.