Биыл Екібастұз қаласында білім беру мекемелерін жаңарту бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, бес бірдей мектеп күрделі жөндеуден өтті. Соның нәтижесінде бүгінде оқушылар жайлы ғимараттарда білім алуда.
Біз бұған дейін де кеншілер шаһарындағы білім ордаларындағы жөндеу жұмыс-тарының барысы туралы бірнеше рет жазған едік. Таяуда қала әкімі Аян Бейсекин бұл бағыттағы істерді қорытындылап, түйіндеді. Шаһар басшысының айтуынша, №9, 13, 14, 16, 17 мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 23 білім ордасы ағымдағы жөндеуден өтті. Ішкі жаңарту жұмыстары, қасбетті ретке келтіру сынды істермен қатар аулалар абаттандырылып, спорттық инфрақұрылым жаңарды.
Сондай игі істер атқарылған оқу ордаларының бірі — №18 мектеп. Аян Бейсекин аталмыш білім беру мекемесіне арнайы барып, атқарылған жұмыстың нәтижесін байқады. Мұнда қоршаулар ауыстырылып, қасбет пен ауладағы асфальт жаңартылып, футбол алаңы орнатылды.
— Жалпы, соңғы үш жыл аралығында облыс басшы-лығының тікелей қолдауының нәтижесінде қаладағы 25 білім беру меке-месінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл бағытта атқарылуы тиіс іс әлі де көп. Оның барлығын кезең-кезеңімен атқаратын боламыз, — деп түйіндеді шаһар басшысы.
Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.
Екібастұз қаласы