Шарбақты ауданының Сосновка ауылдық округіне қарасты бірқатар елді мекендегі мектептерге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Таяуда аудан әкімінің жергілікті тұрғындармен болған кездесуінде кейбір ауылдағы білім ордаларына жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігі сөз болған еді. Қазіргі таңда көпшілікті толғандырған бұл мәселе біртіндеп оң шешімін табуда. Атап айтар болсақ, Заборовка негізгі мектебінің шатыры жөнделіп, аумағын абаттандыру ісі жалғасуда. Сондай-ақ, Сосновка орта мектебінің жылу жүйесі мен терезелері, ал Красиловка орта мектебінің есік-терезелері жөнделіп, жаңартылуда.

Аудандағы әлеуметтік-экономикалық бағыттағы жобаларды іске асыруға «Рубиком» ЖШС да қол ұшын беруде. Мәселен, аталмыш серіктестік Сосновка орта мектебіне асфальт салып береді деп жоспарлануда.

 

Н.ШОДЫР.