Осы жылдың 1 тамызынан бастап Май ауданында «Мектепке жол» атты республикалық қайырымдылық акциясы іске қосылды. Аталмыш акция осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.
Май аудандық білім беру бөлімінің басшысы Руслан Еңсебаевтың сөзінше, акция аясында ауданның барлық мектебінде жылжымалы мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Бұл — аудан тұрғындары үшін жасалып отырған зор мүмкіндік.
— Ата-аналар облыс орталығына барып-келуге шығындалмай, өз ауылдарында қаражатты үнемді пайдалана алады. Жергілікті кәсіпкерлер жәрмеңкеде оқуға қажетті құралдарды, мектеп формасын, спорттық киім және аяқ киім шығарып, төмендетілген бағада ұсынып отыр. Әрбір мектепте әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың атаулы, жеке тізімдері жасалған. Білім беру ұйымдарында «жедел желі» үздіксіз жұмысы ұйымдастырылған, — дейді ол.
Одан бөлек, қиын өмірлік жағдайға тап болған барлық бала мен ата-ана көмек сұрай алады. Өз кезегінде бей-жай қарамайтын азаматтар, кәсіпкерлер, меценаттар акцияға қосылып, мұқтаж жандарға қол ұшын соза алады.
А.БОРАНБАЕВА.