Бүгінгі таңда Новоямышев ауылындағы мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 245 млн теңге бөлінген. Мердігерлік ұйым  — «НамысСтрой» ЖШС.

Мектеп директорының міндетін атқарушы Марина Елфимованың айтуынша, аталмыш оқу орнының үш қабатты ғимараты 1988 жылы салынған. Содан бері мұнда толық көлемде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

— Мектепке тек оқу жылы басталғанға дейін дәстүрлі ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп келді. Алайда жыл өткен сайын ауқымды жұмыстардың қажеттілігі туындады. Бүгінде жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Нәтижесінде үшінші қабат толығымен дайын болды. Жобада электрмен жабдықтау жүйесін толық ауыстыру, жылу және кәріз жүйелерін жаңғырту қарастырылған. Қазіргі уақытта жұмысшылар барлық жылу радиаторларын алмастырды. Сондай-ақ, бүкіл ғимаратта ескі ағаш жақтаулар толығымен пластикалық жаңа терезелерге ауыстырылды, — деді ол.

 

А.МҰҚЫШЕВ.