«Реновация 2025» жобасы аясында Әуелбек ауылындағы Қ.Ыдырысов атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыс-тары жүргізілуде. Бүгінде жалпы жұмыстың тең жартысы орындалды.
Мердігер – «NamysStroi-Group» ЖШС. Қазіргі уақытта шатырды ауыстыру, терезелер мен есіктерді жаңарту, қасбет пен ішкі орынжайларды әрлеу, дабыл жүйесі мен бейнебақылау орнату жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары жоспарға сай жалғасуда.
Сондай-ақ, Естай ауылына кіреберіс жолға қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Жуырда аталмыш жұмыс-тардың барысымен аудан әкімі Қаршыға Арынов танысты. Сапар барысында аудан басшысы күрделі жөндеу жұмыстарын уақытылы және сапалы орындауды талап етті.
А.БОРАНБАЕВА.