Жақында Новоямышев ауылында өз-өзіне қызмет көрсету мүмкіндігі бар шағын минимаркет ашылды. Жаңа сауда орны заманауи стандарттарға сай құрылып, тұрғындарға азық-түлік, тұрмыстық заттар мен басқа да қажетті тауарлардың кең ассортиментін ұсынады.

Дүкен иесі Қарлыға Кенжебаева — Абай облысы, Аягөз қаласының тумасы. Кәсіпкердің айтуынша, ол Ертіс-Баян өңіріне 1997 жылдары Тарбағатай ауылынан көшіп келген. Туған жеріне байланысты дүкеннің атын «Тарбағатай» деп атаған.

– Алғашқыда сауданы далада бастап, сосын кішкентай гараждан дүкен жасап, осылайша 20 жылдан астам уақыт бойы осы ауылда дүкеніміз жұмыс істеп келеді. Ата-анам мен бауырларымның арқасында осындай жағдайға жеттім. Кәсібіміздің негізі осы дүкен болғандықтан, оны ұлғайтып, минимаркет салайық деген ойға келдік. Дүкеннің құрылыс жұмыстарын мамыр айында бастағанбыз. Туыстарыма, жақындарыма көрсеткен көмектері үшін алғысымды білдіремін, — деді ол.

 

А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.