Қазір егін орағы науқанының қызған шағы. Ауданның шаруалары жаңа астықты жинап алу қамына кірісіп кеткен. Олар берекелі күздің әр күнін қалт жібермей, астық ору қарқынын үдете түсуде.
Бұл науқанға ауданның 12 шаруа қожалығы белсенді кірісіп, 15 комбайн, 7 «КамАЗ» көлігі және 13 трактор жұмылдырылды.
Егін жинау Көктөбе, Баскөл, Малайсары, Саты, Майтүбек және Қаратерек ауылдары аумақтарында жалпы көлемі 52229,5 гектарды құрады. Оның ішінде: дәнді дақылдар — 9276,3 га, майлы дақылдар – 1395 га, картоп – 475,4 га, көкөністер – 43,6 га және бір жылдық және көп жылдық шөптер – 39559,2 га.
Бүгінде дәнді дақылдар бойынша 4700 гектар және картоп бойынша жалпы шабылып жиналғаны 100 гектарды құрады. Ал майлы дақылдарды жинау жұмыстары қыркүйек айының 20-сынан басталады.
Айта кетейік, осы жылы ауа райының қолайлы болуына және шөптің өнімділігінің жоғары болуына байланысты мал азығын дайындауға күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауданға 473 тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, 324 тоннаға өтінім беріліп, 180 тоннасы төленіп жеткізілді.
А.БОРАНБАЕВА.