Железин ауданының Мыңкөл ауылында медициналық пункт қолданысқа берілді. Бұл нысанның ашылуын жауапсыз мердігер жұмыстарының салдарынан ауылдықтар көп күткені рас.
Медициналық пункттің ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов қатысты. Железин аудандық әкімдігінің мәліметінше, жаңа медициналық мекеме заманауи, жоғры технологиялы құрал-жабдықтармен қамтылған. Бұл жабдықтар мүмкіндіктері мен сапасы жағынан бұрын ашылған дәл осындй медициналық пункттермен салыстырғанда теңдессіз көрінеді. Нәтижесінде ауыл тұрғындарына уақытылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге толық мүмкіндік жасалып отыр.
Ауыл тұрғындары осындай маңызды әрі көптен күткен тарту үшін алғыстарын айтты. Алдағы уақытта ауылда медициналық қызметтердің қолжетімділігін едәуір арттырады деп күтілуде.
Г.МАҒЖАН.
Железин ауданы.
