Баянауыл ауданында көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары қызу жалғасуда. Бүгінде өңір бойынша 2 625 тонна қар шығарылып, инертті материалдар әзірленуде.
Аталған мәселелер жедел штабта жан-жақты талқыланды. Мамандардың айтуынша, арнайы техникалар да сақадай сай дайындалып, қажетті жанар-жағармай жеткізілуде. Сонымен қатар, Қарашат-Жаңа-Жайма автожолының учаскесіне қосымша айналма жол салынды. «Қазавтожол» АҚ-ның өкілдері Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульянов тас жолының 101-105-ші шақырымдарында көпір тұрғызып, судың ауыл ішіне кірмей, ағып кетуі үшін жұмыс істеуде. Бұдан бөлек, Қ.Сәтбаев, Ұзынбұлақ, Жаңажол және Жаңатілек ауылдарында лиманды суару жүйелерін қайта жаңарту бойынша жобалар жүзеге асып жатқанын айта кеткен жөн. Осы бағытта қолға алынған жүйелі іс-шаралардың нәтижесінде су басу қаупінің алдын алуға мол мүмкіндік бар, дейді мамандар.
Н.АҚЫТЕГІ.