Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының 2024 жылғы жұмыс жоспарының негізінде Заря жалпы орта білім беру мектебінің базасында «Функционалды сауаттылықты қалыптастыру — білім сапасын арттырудың басты факторы» атты облыстық семинар өтті.

Мұғалімдер «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының құндылықтарын қолдана отырып, оқушылардың функ-ционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында ашық сабақтар өткізді. Сондай-ақ, түрлі тапсырмаларды орындай отырып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Мәселен, оқушыларды пән-
дік олимпиадаға дайындау, сабақтың тиімділігін арттырудағы әдіс-тәсілдер, Мәшһүр Жүсіп мұралары және жасанды интеллектпен сабақ құрастыру, дарынды балалармен жұмыс жасау әдістері шеберлік сағаттарда қарастырылды.
Семинарға жалпы аудан мектептерінен 110 педагог және Білім беруді дамыту инновациялық орталығының әдіскерлері Баян Әйтімова, Динара Жаңабекова, Балнұр Атажанова, Аягөз Ұралтаева мен Ақтоғай, Аққулы, Железин аудандарының педагогтері қатысты.

А.МҰҚЫШЕВ.