Ағымдағы жылдың сәуір айында Павлодар ауданында жаңа мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары басталады деп жоспарлануда.
Аудан әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, жаңа нысан 250 орынға лайықталған. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен қолға алынған мәдениет үйі көп кешікпей бой көтеріп, осы жылдың соңына дейін пайдалануға берілмек. Болашақта бұл мекеме аудан тұрғындары үшін қызықты концерттер, кездесулер, түрлі шығармашылық іс-шаралар өткізуге арналған заманауи алаңға айналады, дейді мамандар.
Жоба аясында жайлы көрермен залы, үйірмелер мен шығармашылық ұжымдардың жұмысына арналған арнайы бөлмелер ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ басқа да түрлі мәдени кештерді ұйымдастыру үшін барлық қолайлы жағдай қарастырылатын болады.
Осылайша, алдағы уақытта бұл мекеме аудан жастарының, өнерпаздары мен өнерсүйер қауымның басын қосатын киелі мәдениет ордасына айналмақ.
Н.АҚЫТЕГІ.
Павлодар ауданы.
