Мәселе бақылауда болады

Мау 12, 2025

Ақтоғай ауданында маса мен шыбын-шіркейдің көбеюіне байланысты тұрғындардан шағымдар жиілеп кетті. Осыған байланысты облыс әкімінің тапсырмасымен Ақтоғай ауылына облыс әкімінің орынбасары Әйгерім Қабылтаева жұмыс сапарымен барды. 

Сапар аясында ғылыми топ, мердігер ұйым, жергілікті атқарушы органдар және мүдделі тараптардың қатысуымен көшпелі кеңес өткізілді. Кеңес қорытындысы бойынша қансорғыш жәндіктер көп шоғырланған аймақтара дезинсекциялық жұмыстарды күшейту тапсырылды.

Айта кетейік, Ақтоғай ауылының аумағында қансорғыш жәндіктермен күресу жұмыстарын «ВИК-ЛТД» мердігерлік ұйымы орындайды. Ал ғылыми сүйемелдеуді «Биосфера» ЖШС жүзеге асырады.

А.БОРАНБАЕВА.